11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы №29  2016 жылғы 28 қаңтар, Алматы қаласы

231 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
  Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кре­дит­тері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Бан­кі­нің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақ­стан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген опера­циялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін. 2. Төлем жүйелерін дамыту және басқару департаменті (Мұсаев Р.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сарсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін. 5. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 9, 13 және 14-тармақтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Д.АҚЫШЕВ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 29 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары 1. Осы Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1260 тіркелген «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану нұсқаулығын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы № 331 қаулысында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады: 1) банкаралық төлемдер– бір төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарының қатысушысының (бұдан әрі – Қатысушы) осы Қатысушыға қызмет көрсету желісінде басқа Қатысушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдері; 2) қаржылық хабар – төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операция бойынша банкаралық төлем жүргізу үшін қажетті ақпараттан тұратын және бір Қатысушының басқа Қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелерін (талаптарын) білдіретін төлем құжаты; 3) Қатысушы – эмитент және (немесе) эквайер болып табылатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк); 4) Қатысушының таза позициясы – басқа Қатысушылардың осы Қатысушыға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша Қатысушы ұсынған қаржылық хабарлар сомасы мен осы Қатысушының басқа Қатысушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша басқа Қатысушылар ұсынған қаржылық хабарлар сомасы арасындағы айырма. Егер айырма – теріс сан болса, онда Қатысушының дебеттік таза позициясы бар, егер оң болса – кредиттік таза позициясы бар; 5) төлем жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің операторы (бұдан әрі – Оператор) – банкаралық төлемдерді ұйымдастыру жөніндегі процессингтік ұйымның Қатысушымен жасалған шартқа сәйкес хабарларды маршруттауды, авторландыруды және клирингті жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты функцияларын қоса алғанда, төлем жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 6) төлем карточкалары жүйелерінің арнасы – төлем карточкалары жүйелерімен жасалған шарттарға сәйкес Қатысушылар арасында хабарларды маршруттау тәсілі; 7) төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша хабарларды маршруттау (бұдан әрі – хабарларды маршруттау) – банкаралық төлемдер бойынша хабарлардың Қатысушылар арасында жүру және беру маршрутын айқындау процесі; 8) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі – төлем карточкалары банкаралық жүйесінің Операторы мен Қатысушы арасында жасалған шарт негізінде Қатысушылар арасында хабарларды маршруттауға және клирингіне арналған төлем жүйесі. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық ақша аудару орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі төлем карточкалары банкаралық жүйесінің Операторы болып табылады; 9) тікелей банкаралық іс-қимыл арнасы – екі Қатысушысының немесе олардың арасында жасалған төлемдерге қызмет көрсету туралы шарттарға сәйкес олардың процессингтік ұйымдары арасындағы ақпараттық-технологиялық; 10) хабар – Оператор және Қатысушы арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын ақпараттық деректер тобы. 3. Банкаралық төлемдерді жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады: 1) хабарларды маршруттау және авторландыру; 2) банкаралық төлемдердің көптарапты негізде төлем карточкаларының банкаралық жүйесі және төлем карточкаларының жүйесі арналары бойынша клирингі не банкаралық төлемдердің екіжақты негіздегі немесе арнаның екі Қатысушысында тікелей банкаралық өзара іс-қимыл болған кезде оны пайдаланбастан жүргізілетін клирингі; 3) ақша аударымы. Ақша аударымы әрбір Қатысушының таза позициясына сәйкес не екі Қатысушының тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы арқылы жүзеге асырылған тікелей банкаралық төлемдерді орындау жолымен клиринг нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. 4. Қатысушы хабарларды маршруттауды жүзеге асырады және авторландыруды мынадай арналарды пайдалану арқылы алады: 1) тікелей банкаралық өзара іс-қимыл арнасы; 2) төлем карточкалары банкаралық жүйесінің арнасы; 3) төлем карточкалары жүйелерінің арнасы. 5. Банкаралық төлемдер Қағидалардың 4-тармағында көзделген арналар арқылы жүзеге асырылады. 6. Қатысушылар арасында банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде хабарлар, сондай-ақ қаржылық хабарлар алмасу электрондық тәсілмен жүзеге асырылады. 7. Оператор банкаралық төлемдерді жүзеге асыру кезінде электрондық нысанда хабарлар алмасу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді белгілейді және ол белгілеген мерзімде Қатысушыларға жіберіледі. 8. Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген хабарларды немесе басқа ақпаратты алғаны туралы хабарлау хабарларды жібергенін және/немесе алғанын растау болады. 9. Тікелей банкаралық әрекет етудің арнасы екі Қатысушыларда олар арасында жасалған шарттың негізінде олардың өз төлемдері бойынша корреспонденттік шоттар арқылы ақпараттық-технологиялық қосылу анықталған кезде пайдаланылады. Бір банктің басқа да екі Қатысушылардың банкаралық төлемдеріне қызмет көрсету үшін тікелей банкаралық әрекет ету арнасын пайдалануына рұқсат етілмейді. 10. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Опе­раторымен және Қатысушы арасында жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады. 11. Төлем карточкалары жүйелерінің арнасы: 1) төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарына және төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Опе­ра­торымен және Қатысушы арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес банкаралық төлемдерді жүзеге асырған; 2) авторландыруды алу үшін хабарларды маршруттау кезінде пайдаланылады. 12. Оператор Қатысушымен жасалған шартқа сәйкес банкаралық төлемдерге қызметті көрсетуді қамтамасыз етеді, онда мына талаптар: 1) Қатысушымен және Оператордың құқықтары мен міндеттері; 2) Қатысушыны төлем жүйесіне немесе төлем карточкаларының жүйесіне қосуға қойылатын талаптар; 3) Оператордың талаптарын сақтау жөніндегі талаптар, онда мыналар: электрондық нысанда хабарлар және төлемдер туралы басқа да ақпарат алмасудың тәсілдері мен тәртібі; ақпараттың қауіпсіздік және деректерді/дербес деректерді және банк құпиясын сақтау режіміне қойылатын талаптар; хабарларды маршруттаудың және авторландырудың тәртібі мен талаптары; клирингті жүзеге асыру тәртібі; банкаралық комиссияларды есептеу тәртібі; клиринг нәтижесі бойынша ақша аудару мерзімдері мен тәсілдері; банкаралық төлемдер бойынша даулы жағдайларды шешу рәсімі көзделеді; 4) Қатысушы мен Оператордың өздері арасында жасалған шарттың талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі; 5) олар арасында жасалған шартты бұзу және оған өзгеріс енгізу тәртібі қамтылады. Оператормен және Қатысушы арасындағы шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қосымша талаптарды енгізуге рұқсат беріледі. 13. Эквайер-қатысушы есепті кезеңнен кейінгі аптаның бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақытымен сағат 14-00 кешіктірмей апта сайын төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторына банкаралық төлемдер тізбесін қалыптастыру және жүргізу үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторы белгілеген талаптарға сәйкес басқа Қатысушы-эмитенттер есепті кезеңде қызмет көрсетудің меншікті желісінде жүргізген банкаралық төлемдер бойынша қаржылық хабарлардың көшірмелерін ұсынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары банкаралық төлемдерді жүзеге асыру үшін төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасын пайдаланатын Қатысушыларға қолданылмайды. 14. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің Операторы төлем карточкаларының банкаралық жүйесі Операторының банкаралық төлемдердің тізбесін қалыптастыру және жүргізу талаптарын, Қатысушы ұсынатын ақпараттың форматына қойылатын талаптарды белгілейді. Банкаралық төлемдердің тізбесін қалыптастыру және жүргізу төлем карточкаларының банкаралық жүйесі Операторының бағдарламалық қамтамасыз етуінде электрондық түрде жүзеге асырылады. 15. Оператор клирингті жүзеге асырған кезде төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартта белгіленген тәртіпте және мерзімде Қатысушыға дейін таза позицияларды жеткізеді. 16. Оператор Қатысушыларға банкаралық төлемдер бойынша олардың қаржылық хабарлар алмасқанын растайтын хабарларды береді. 17. Оператор клиринг нәтижесі бойынша ақшаны ақша аударудың банкаралық жүйесі арқылы не Қатысушылар арасында ақша аударуды қамтамасыз ететін банктер арқылы аударады. 18. Оператор жүргізілген банкаралық төлемдердің нәтижесі бойынша Қатысушының таза позициясына сәйкес ақша аударымын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланады. 19. Оператор Қатысушының төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында және Қатысушымен жасалған шартта айқындалған ақпаратты қорғауға қойылған талаптарды сақтауына мониторинг жүргізеді. Қатысушы Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартта және төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарында белгіленген қауіпсіздікке қойылған талаптарды бұзған жағдайда, егер Қатысушының қауіпсіздік талаптарын осындай бұзуы басқа Қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген жағдайда, Оператормен және Қатысушы арасында жасалған шартқа сәйкес Оператор Қатысушыны ажыратуға дейінгі қажетті шұғыл шараларды қабылдайды. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13224 болып енгізілді.